∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Раманқұл мен Жанқожа батыр

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Раманқұл мен Жанқожа батыр
3. Авторы (Айтушы)
Тасмағанбетов Сәду
4. Жинаушы, тапсырушы:
Ә. Әметова
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Аңыз мәтінін 1971 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің студенті Ә.Әметова фольклорлық практика кезінде Сәду Тасмағанбетов деген кісінің айтуынан жазып алған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
935
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.2; П.2; Ж.50. 27х20; 23х17
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін бір жолды журнал қағаздарына көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Хиуадан келген Аллақұлы Сыр бойының қазақтарына зорлық-зомбылық жасайды. Хан жарлығын орындап жүрген Раманқұлдың інісі мен Жанқожа батырдың баласы Итжемес арасында жанжал болады. Жанжал Раманқұлдың інісінің өлімімен аяқталып, бір адамға төрт кісінің құнын төлеуді сұрайды. Раманқұл мен Жанқожа батырдың арасындағы дауды Бекарыстан батыр шешіп береді.
13. Басы:
Хиуадан жіберілген Аллақұлыға (Бабажанға) Сыр бойының қазақтары үй басына алым-салықтан басқа аптасына бір қыз және күн тимеген қара қозы беріп тұруға міндетті болған.
14. Соңы:
Ақмырзаның мойнына тас байлап, Хиуа жендеттерінің суға лақтыруының бір себебі осы екен.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Насихат Мурсалимова