Монғолдарға қарсы соғысып, ақылдылығымен, айлакерлігімен көзге түскен Панаш батыр Абылай ханның Кенесары бастаған әскерінің мыңбасысы болған. Панаш батырдың қазіргі бейітінде ол кісінің сүйегі жоқ. Батырдың сүйегін бір жыл аманат етіп қойып, Мекке, Мәдинеге апарып жерлеген деген сөз бар.