Шектінің батыс жақ Байұлымен шекарасында Шаңдықұл-Тамдықұл деген бір орында ел жайлайтын екі суат көлі болады. Бір жылы екі көлдің оңтүстік беті, бір биіктеу орынға бір буаз айдаһар түсіп жатып алады. Суатқа келген мал мен адамға айбат шегіп, жаман дауыспен ысқырған соң, үркіп маңынан көшеді. Сол айдаһардың Науша батыр басын шауып алып, елге тыныштық орнатады.