Кіші жүз Он екі ата Байұлының Байбақты ауылында Әлтеке тайпасының Назарымбет атасынан Наушаны Кіші жүз түгелдей, Ұлы жүздің батыс бөлігі түгел біледі. Оның өмірі ХVІІІ ғасыр ішінде өткен. Науша сәби күнінде-ақ ата-анасынан жетім қалып, ел қаңғырып тентіреп жүріп әлімнің Шекті атасындағы бір асқан байға тап болып, оның қозысын бағып он бес-он алты жасқа жетеді. Сол кезде байдың жүздеген жылқысын ұры алып кетеді. Соны қайтарып келуге Науша батырдың барып көрсеткен бір жолғы ерлігі сөз болады.