∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қызығұрт Жантөре би мен Шомбал би

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қызығұрт Жантөре би мен Шомбал би
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Адамбаев Балтабай
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1154
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.1; Б.1; Ж.22. 29х20; 18х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Ақ қағазға машинкада басылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Жәңгір ханның Шомбал деген биі болады, Әбілқайыр ханның заманында қазақтан солдат алынбайтын кездерде, Хиуа-Бұқардан қашып, Ойыл-Қиыл, Жем, Сағызды өтіп, қазақ ішіне келіп, Әбілқайыр ханды паналап, күн көріп өсіп-өнеді екен. Аңызда Осы Шомбал би Қызылғұрт Жантөре бидің арасындағы сөз тапқырлығы жайлы сөз болып, Қырылғұрт Жантөренің Шомбалға риза болғаны айтылады.
13. Басы:
Жәңгір ханның Шомбал деген биі болады, Әбілқайыр хан заманында қазақтан салдат алынбайтын кездерде Хиуа-Бұқарадан қашып, Ойыл-Қиыл Жем, Сағызды өтіп, қазақ ішіне келіп, Әбілқайыр ханға паналап, күн көріп өсіп-өнеді.
14. Соңы:
Жәке, сөз осы арада қалсын, ендігәрі айта көрмеңіз, − деп орнынан тұрып көк мауыт шекпенін жауып жіберіпті дейді.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Насихат Мурсалимова