∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қожа Ахмет Ясауи

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қожа Ахмет Ясауи
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
А. Тұрғынбаев
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1206
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.1; Ж.11. 28,5х20; 5,5х16,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Машинкада жазылған. Мәтіндерді жинақтап, шағын кітап етіп түптеген
10. Қолжазба графикасы
Кирилл
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Ибраһим шейхтен туған екі баланың бірінің аты Ахмет екен. Ахмет бір күні сыртқа шықса, әкесі жер шұқып отырғанын көреді. Сонда әкесінен мұның жайын сұрайды. Бала Ахмет әкесіне бір ауыз сөз айтады. Әкесі риза болып, баласына батасын берген екен.
13. Басы:
Ысқақ Бабтың ұрпақтарынан тарайтын Ибраһим шайхтан екі бала болады.
14. Соңы:
Жарылқаушы иең қайда жол көрсетсе сонда бар! – деп батасын берген екен.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Насихат Мурсалимова