∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қожа Ахмет пен Арыстан бап

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қожа Ахмет пен Арыстан бап
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
А.Тұрғынбаев
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1206
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.4; Ж.18. 21,5х20; 20х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қолжазба ескірген, мәтін қарандашпен жазылғандықтан өшіңкіреп қалған. Мәтіндерді жинақтап, шағын кітап етіп құрастырған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Мұхамед пайғамбар бір құрма алып Арыслан Бабқа Имам Мұхаммед Ханафия ұрпақтарынан Сайрам қаласында Қожа Ахмет атты балаға беруді тапсырады. Арыслан қырық жыл Уахар Тарке уалаятында тақуалықпен ғұмыр кешіп, соңында Қожа Ахметті тауып аманатты табыстайды.
13. Басы:
Қазіреті Расул Алла қазіреті Арслан бапқа бір құрма беріп айтқан.
14. Соңы:
Арслан бап бұл дүниеден ол дүниеге сапар қылды.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Насихат Мурсалимова