∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қожа Ахмет өлер алдында

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қожа Ахмет өлер алдында
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
А.Тұрғынбаев
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1206
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.19; Ж. 14. 28,5х20; 8х16
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Машинкада терілген. Мәтіндерді жинақтап, шағын кітап етіп түптеген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Қожа Ахмет өлер алдында туыстарына өзі өлген соң бір қара бура мінген кісі келіп, денесін алып, мәңгі жататын орнына ақ жауып қоятынын, қайда апарасың деп сұрамауын өсиет етіп айтады. Қайтыс болған соң айтқаны келеді.
13. Басы:
Қожа Ахмет өлер алдында отбасына, туыстарына: «Мен пәлен уақытта дүние саламын».
14. Соңы:
Содан бастап ол кісіні Қарабура әзі деп атаған.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Насихат Мурсалимова