∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қошқарұлы Жәнібек / قوشقارۇلى جانىبەك

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қошқарұлы Жәнібек / قوشقارۇلى جانىبەك
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Алтынбаев Қалихан
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1969 жылы қорға өз қолымен тапсырған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
280
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.2; Ж.31. 20х17; 19,5х15,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Тор көзді оқушы дәптеріне көк сиямен жазылған. Қолжазба тысталған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Жәнібек батыр Абақ керейлерді бастап, Зайсан бекінісінен өтіп, Моңғолияға көшеді. Жолда Қалба тауында аялдаған кезде Матай руы Керейлер осы өңірге тұрақтап қалады деп қауіптеніп, олардың бір ауылына шабуыл жасап, бір жігітін өлтіреді. Бұған ашуланған Жәнібек Матайға қарсы аттанбақ болады. Батырдың мінезін зерттеген Матай елі оған елші жіберіп, күміспен күптелген шақшаға салынған насыбай тарту етеді. Насыбайды ұнатқан Жәнібек екі елдің қыз алысып, қыз берісіп татуласуына келісім береді.
13. Басы:
Қазақта атақты Жәнібек үшеу: Ноғайлы жұртының ханы – Әз-Жәнібек, Абылайдың қолбасшыларының біреуі – Шақшақ Жәнібек және Ер Жәнібек. Кейінгі Жәнібектің руы – Керей.
14. Соңы:
Ал ұрыста өлген жігіттің құнын біржола салауат етіп, кешіріпті.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Насихат Мурсалимова