Қасым хан жолдастарымен бірге бір ауылға келеді. Сол ауылда Қазбектің қызы Маңқан, інісі Бөдене батырдың қызы Нәуетек және Қазымбеттің ұлы Құлтеке батыр қонақта болады. Апа-қарындастарының айтқан өкпе-назын естіген Құлтеке Қасым ханның алдынан шығып, сауға сұрайды. Алайда Қасым хан үш рет үн қатпайды. Сонда Құлтеке бұрыннан келе жатқан Бекболатпен арадағы араздықты еске алып, Қасым ханды басынан ұрып, айыр қалпағын жерге түсіреді. Жағдайдың өзіне тиімсіз екенін түсінген Қасым хан ауылға кірместен кері қайтады.