∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қарқабат туралы аңыз

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қарқабат туралы аңыз
3. Авторы (Айтушы)
Баймағамбетов Жәкеш
4. Жинаушы, тапсырушы:
Адамбаев Балтабай
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
500
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.4; Ж.18. 20,5х17; 18х13
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Тор көзді оқушы дәптеріне көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Аңыз Жәкеш Баймағамбетовтың бір сапармен Жосалыға бара қалғандағы, машинадан түсіп, әңгімелесіп тұрған үш әйелге жолығуынан басталады. Соның ішіндегі бір жастау әйел сөзден іліп, жыққысы келеді. Алайда өзі жығылып қалып, үйіне қонаққа шақырып, қонақтарды күтеді. Сонда өзінің Қуандықтың қызы екенін, Қаракесек сияқты күңнен тумадық деп тағы да шалып сөйлегенде, айтушының Қаракесек, Қарқабаттың шығу тегін, мәнісін түсіндіруімен аңыз аяқталады.
13. Басы:
Бір сапар қасымда інім Қарпыш бар. 1956 жылы Жосалыға бара қалдық.
14. Соңы:
Содан былай Қаракесекке Қарқабат ұран болыпты.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Насихат Мурсалимова