∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қаракерей Қабанбай

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қаракерей Қабанбай
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Бөрібаев Хамид.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Қорға 1956 жылы түскен. 1956 жылғы Горно-Алтай экспедициясы. Ел арасынан естіп, ХХ ғасырдың отызыншы жылдары хатқа түсірткен – Салихов Хаба.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
137
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.77 ; Ж.122. 22х15; 18,5х13
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қалың дәптерге көк сиямен жазылған. Қолжазбаның бірінші беті жыртылған, қағазы сарғая бастаған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Бірде Қабанбай батырдан: «Жасыңыз ұлғайды, байлығыңыз бен ұрпағыңыз мол, енді арманыңыз бар ма?» – деп сұрайды. Сонда батыр жастық шағында қалмақтарға тұтқынға түсіп, өлім аузында жатқанда қалмақ ханының қызы жасырын құтқарып, бірге қашып шыққанын айтады. Жолда белгісіз себеппен қыз кенеттен қайтыс болады. Қабанбай оны арулап жерлеп, еліне жалғыз оралады. Батыр өмір бойы өзін өлімнен арашалаған арудың есімін де біле алмай қалғанын ең үлкен арманы ретінде айтыпты. Бұл аңыздың мазмұны Мұхамеджан Рүстемов тапсырған «Қабанбай батыр» нұсқасымен ұқсас. Екі нұсқада да негізгі сюжеттік желі сақталғанымен, көлемі жағынан айырмашылық бар.
13. Басы:
Қабанбай кәртейген тұсында ел азаматы келіп көңілін сұрап.
14. Соңы:
Менің арманым – осы, – деді Қабанбай.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Насихат Мурсалимова