Абылай хан Қасым деген баласын орнына хан сайламақ болып, Орта жүздің беделді адамдарын ордаға шақыртады. Сонда Қанжығалы Айтбай батыр мен Қаракерей Алдабек батыр үш күн кешігіп келіп, Қасым төреге сәлем бере кіреді. Қасым шалқасынан жатып, екі батырды соқыр деп кекетеді. Бұған ашуланған батырлар өзін таныстырып, Қасымды хан сайлаудан бас тартып ордада ат ойнатады. Абылай батырларды әзер басып, орнына Уәлиді хан көтереді. Қасым тәкаппарлығының арқасында хан болмай қалады.