∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қалдан шерін мен Ханабад туралы аңыз

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қалдан шерін мен Ханабад туралы аңыз
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Бұғыбаев Жолдасбек
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
692
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.6; Ж.29, Б.2. 29х20; 25,5х16,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін машинкаға басылған. Қолжазба тысталған, ақ жіппен тігілген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Баяғы заманда Тәшкент деген қалада Ханабад деген хан болыпты. Қалдан Шерін қалың қолымен келіп алты жыл шауып ала алмапты. Сонда ханның әйеліне астыртын елші жіберіп, қандай арманы болса да орындайтынын, тек осы қаланы қалай алуға болатыны туралы сауал жібереді. Ханым қалаға келетін су құбыры бар екенін, оның басы қай жерден бастау алатынын, сол құбырды бекітіп тастаса, қала шөлден сыртқа шыққанда алуға болатынын айтады. Қалдан солай істейді. Қаланы шауып алады. Ханбад ханды байлап алады. Өз күйеуіне жақсылық жасамаған опасыз ханымды зынданға салады. Жалғыз ұлы тұлпар атқа мініп қазақ жеріне қашып кетеді. Осы тұста Қалдан ханның елін қытайлар шауып, орнына Зал деген қолбасшысын хан сайлап, өзі кері қайтады. Зал әлгі ханыммен үйленеді. Екеуі арық қаздырып су шығарады. Залдың арығынан су сарқырап ағады да, елдің қарғысы тиген ханымның арығынан су шықпайды.
13. Басы:
Баяғы өткен заманда, дін мұсылман аманда.
14. Соңы:
Адал жұбайына опасыздық істеген ханым ақырында халық қаһарына ұшырап, жынданып өліпті.
15. Қосымша мәлімет
Қашан, қайдан жинағаны туралы мәлімет кездеспеді. Алайда жинаушы мәтін соңында: «Мен бұл аңызды Нұрқан Сапаровтан екі рет естідім» деген ескертпе жазған.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Насихат Мурсалимова