Бұлбұлдың екі әйелі болған. Қаракемпірден бес, Құбакемпірден бес бала туған. Екі ананың балалары бір-бірімен күндес болып өседі. Сонда Қаракемпір Құбакемпірдің балаларының болашағы зор екенін, әсіресе Шаншардың елге абыройлы адам болатынын болжайды. Шаншардың үш әйелі болып, Айбикеден туған үлкен ұлы Келдібек ұзақ уақыт үйленбей жүреді. Бір күні атасы Бұлбұл түсіне еніп, болашақ жарының белгілерін аян береді. Кейін Келдібек көш үстінде сол белгілерге сай қызды көріп, оған үйленеді. Осы некеден кейін әйгілі Қаз дауысты Қазыбек би дүниеге келеді.