∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қазыбектің қалмақ еліне үшінші сапары

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қазыбектің қалмақ еліне үшінші сапары
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Адамбаев Балтабай
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Қорға 1988 жылы тапсырған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1014
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.3; Ж.74. 29х20;16х23
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Машинкаға басылған. Қолжазба түптеліп, қалпына келітірлген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Аңызда Қазыбек бидің қалмақ ханына үшінші сапары туралы айтылады. Қазымбетті құтқарып келген соң, Қазыбек би елін алып, Сарыарқаға қоныс аударады. Бірақ әлі де ол қонысқа көшіп болмаған елдің соңғы бөлегін қалмақ ханы тағы шаптырып алады. Сонымен Қазыбек тағы да қалмаққа тартады. Би бұл жолы Қоңтәжінің алдына шабыншылықты біржола бітістіруге бекініп аттанады. Бұл елшілікте Қазыбек би өзінің елге ие болатын ұлы Бекболатқа қалмақ ханының қызын алып береді.
13. Басы:
Осы бітімнен қайтып келе сала Қазыбек елін Сарыарқаға көшіріп бұл жерді атамекендік қоныс етеді.
14. Соңы:
Қазыбек осы сапарында хан ордасына бара жатқан жолыққан жас қызды ала келіп: «осыны тәрбиеле» деп оны да Бекболаттың қолына тапсырыпты.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Насихат Мурсалимова