∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қазыбектің қаз дауысты атануы /Qazibektiñ Qaz Dauisti atanui

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қазыбектің қаз дауысты атануы /Qazibektiñ Qaz Dauisti atanui
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Кәрібаев Шайхы
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
879
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.4; Ж.94. 27х21; 18х20
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қолжазба көк сиямен жазылған. Қолжазба түптелген.
10. Қолжазба графикасы
Латын
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Аңыз мазмұны І нұсқамен ұқсас. Тек ерекшелігі мәтінде кездесетін Абылай ханның бірнеше батырларды ертіп Сырдария жақтағы халқын аралап кеткенде, Шынбай деген дұшпан астыртын келіп, Абылайдың елін шабуға қолайлы екенін, қалмақтың белгілі көсемі, шешен Қонташы ханға келіп айтуы, сонан кейін қалмақ ханы екі жүз жортуылшы жіберіп, Абылайдың елін шабуы, Абылай хан еліне қайтып келіп, қол астындағы халқын жинап, кеңес қылуы алдыңғы нұсқада кездеспейді.
13. Басы:
Burınğı qazaq pen qalmaq jawınger kezde, Abılay xan birneşe batırlardı ertip Sırdarïa jaqtağı xalqın aralap ketkende.
14. Соңы:
…osı sapardan qaz dawıstı Qazıbek atanıp qaytqan eken.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Насихат Мурсалимова