Аңызда қалмақтың Кентазы деген ханы қазақ жеріне екі рет шабуыл жасайды, мал-жанға тыныштық бермейді. Абылай елшілікке жүз адам жібермек болады. Келдібек бай баласы Қазыбекті Телқоңыр атты тайына мінгізіп, елшілерге қосады. Абылай хан Қазыбекті сынайды. Сыннан мүдірмей өткен балаға бас-көз болуды тапсырады. Жастығына қарамай тапқырлығымен, шешендігімен көзге түскен Қазыбекке Кентазы қоңтайшы «Қаз дауысты Қазыбек» деген ат береді.