∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қазыбектің бір ер туралы айтқан билігі

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қазыбектің бір ер туралы айтқан билігі
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Адамбаев Балтабай
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Қорға 1988 жылы түскен.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1014
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.5; Ж.132. 29х20;16х23
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
А4 қағазына машинкада терілген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Аңыздың мазмұны алдыңғы нұсқаға ұқсас болғанмен, бірқатар айырмашылықтар кездеседі. Үйсіннің бір адамы Төле биге келіп, сатылмайтын, не сұрағанға берілмейтін бағасы жоқ бір керемет ер-тұрманды мақтайды. Төле би де ерге қызығып, әлгі адамға ретін тауып, жүгініске әкелуді тапсырады. Аңыз желісі ары қарай алдыңғы нұсқа бойынша өрбиді.
13. Басы:
Ұлы жүз үйсіннің бір адамы Төле биге келіпті.
14. Соңы:
Орта жүз бен Кіші жүз жабылып кетсе, бізден не қалады, ерді орнына апарып тастаңдар, – депті.
15. Қосымша мәлімет
Мәтінде түсіп қалған кейбір сөздер тік жақшамен берілді.
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Насихат Мурсалимова