Ел арасына кең тараған аңыздардың бірі. Қазыбек биге бір балаға таласқан екі әйел келеді. Әйелдердің бірі баланы сәби кезінде жоғалтқанын, екіншісі өз баласы екенін айтып бой бермепті. Қазыбек екі әйелдің сөздерін тыңдап болып, біраз ойланып отырып қалады да, екеуіне қақ жарып бөліп беруген ризалығын сұрайды. Баланың қазіргі анасы бұл билікке келісе кетеді. Ал баланы таныған әйел баланың амандығын тілейді. Би баланы шын анасына қайтарады.