Қаз дауысты Қазыбектің әкесі Келдібек би ауыл ақсақалдарымен төбе басында отырады. Осы кезде төрелік іздеген бес-алты жолаушы келеді. Найманнан шыққан Қадырбай құлын кезінде жоғалған малын бесті болғанда Уақ Өгізбай деген кісінің асында танығанын айтады. Келдібек би ұзақ ойланады. Осы кезде тас атып ойнап жүрген тоғыз жасар Қазыбек дауды шешуге әкесінен рұқсат сұрайды. Әкесі Қазыбекті баласынып, рұқсат бермейді. Бала Қазыбек әкесінен тағы рұқсат сұрайды. Келдібектің билік айтпайтынына көздері жеткен екі жақ та баланың билігіне ризалығын береді. Қазыбек өзінің ақылы мен тапқырлығының арқасында дауды әділ шешіп береді.