Қартайып қалған Әнет баба жора-жолдасын ертіп үйіне келіп түскен Қазыбек биді мал сойып, қазан көтеріп күтеді. Қазыбек Әнет бабаға бір ауыз өсиет айтып беруін өтінеді. Әнет баба «әкім» деген сөзді жадыңа сақта депті. Қазыбек Әнет бабаға ризашылығын білдіріп, жора-жолдасымен еліне қайтыпты. Қаз дауысты Қазыбек Әнет бабаның айтқан өсиетін әділ бол, күншіл болма, көпшіл бол, ілтипатты бол, менмен болма, мейірман бол дегені деп шешіпті.