∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Қаз дауысты Қазыбек туралы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Қаз дауысты Қазыбек туралы
3. Авторы (Айтушы)
Мұқатов Ғалымжан
4. Жинаушы, тапсырушы:
Адамбаев Балтабай
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
717
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.2; Ж.87. 29х20; 16х21
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Оқушы дәптеріне көк сиямен жазылған. Дәптердің парақтары ескіріп, сарғая бастаған
10. Қолжазба графикасы
Кирилл
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Атақты Мөңке бидің қартайған кезінде жанында екі атқосшысы бар, қырғи тілді қара бала үйге рұқсатпен кіріпті. Жөн сұраса келе Мөңке би қонақтың қаз дауысты Қазыбек екенін біледі. Би жас баланы сынамақ болып бірнеше сұрақ қояды. Қазыбек мүдірмей жауап береді. Қымыз үстінде Қазыбек Мөңке биге тұспалдап сұрақ қояды. Көргені көп би де баланың сұрағына жұмбақтап жауап береді. Атақты бидің үйінен түстік жеп, бата алып аттанады. Жолда Қазыбектің жолдастары Мөңке биге қойған сұрақтарының мәнісін сұрайды. Жолдастары жас Қазыбектің ой тереңдігіне таң қалады.
13. Басы:
Атақты Мөңке бидің қартайған кезі екен.
14. Соңы:
Мен өзім жас болсам да, атам Шаншар абыз көп жасады ғой, – деген екен.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Насихат Мурсалимова