∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Кенженің Ағыбай асына баруы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Кенженің Ағыбай асына баруы
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Омаров Тәттібек
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Аңызды Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының тұрғыны Тәттібек Омаровтың айтуы бойынша жазып алған сол кезде Қарағанды мемлекеттік университетінің филология факультетінің студенті болған М.Төлегенова.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
935
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.1;П.1; Ж.31. 27х19,5;26х17,5
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін бір жолды қағаздарға көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Балқаш өңіріндегі «Ағыбайдың Тас аралы» деген жерде өткен Ағыбайдың асына үш жүздің игі жақсылары шақырылады. Асқа Ақберген би шақырылғанымен, оның інісі Кенже шақырылмайды. Соған қарамастан, Кенже немересі Топайды ертіп келеді де, ауылға кірмей, төбе басында отырады. Оны көрген Ағыбайдың бәйбішесі арнайы адам жіберіп шақыртады. Аста өткен ат жарысы мен палуан күресінің бәйгесін Кенже әділ бөліп, иелеріне үлестіріп береді. Қайтарында Ағыбайдың бәйбішесі қалауын сұрағанда, Кенже асқа дүние алуға емес, құрмет көрсетуге келгенін айтып, ештеңе алмай қайтады.
13. Басы:
Кенже бірде немересі Топайды ертіп Балқаш жақта болған Ағыбайдың асына барған екен.
14. Соңы:
Кенже Ағыбай батырдың тақиясын ырым ғып немересі Топайға берген екен.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Насихат Мурсалимова