∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Кенесары, Наурызбай туралы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Кенесары, Наурызбай туралы
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жинаушысы. Сейітғаппарова Зүбайра. Тіл және әдебиет институтының халық творчествосы бөлімінің ғылыми қызметкері болып істеген. Айтушысы. Әміров Аққошқар. Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент ауданы, Ворошилов колхозында тұрған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1953 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
339
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.3; Б.4,5; Ж.20. 17х20; 15х19.
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін тор көзді дәптерге қарындашпен жазылған. Қолжазбалар қалың қағазбен түптелген.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Арқада хан болған Кенесары Арғынның қуандық, сүйіндік руларына көп қысым көрсетеді. Ресейден жеңілгеннен кейін Әулиеата маңына келіп, өзін хан ретінде мойындауды талап етеді. Сол өңірдің билеушісі Байзақ датқа сырттай бағынғанымен, іштей оған қарсы болады. Кенесары орысқа қарсы соғысу үшін қырғыздан әскер сұрайды. Қырғыздар келіспеген соң, олардың жеріне шабуыл жасап, біраз ауылын шауып алады. Кейін бағынуға келген қырғыз елшісін Наурызбайдың өлтіруі екі ел арасындағы жанжалды ушықтырады. Байзақ датқа қырғыз билеушілерімен астыртын келісіп, өз әскерін Кенесарыдан бөліп әкетеді. Соның салдарынан аз қолмен қалған Кенесары қырғыздардың қолына түседі. Артынша оны құтқармақ болған Наурызбай да тұтқынға алынады.
13. Басы:
Кенесары Арқада хан болып тұрған Көкшетау деген жерде қалың Арғын руының қуандық, сүйіндік деген руларының ішінде бұл рулар Атбасар Қараөткел деген жерін мекендеген.
14. Соңы:
Қырғыздар қолға түскен Кенесары мен Наурызбайды Кенесарының «наркескен» деген қылышымен шауып өлтірген екен дейді.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Насихат Мурсалимова