∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞
Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы
Кенесары мен Омар
1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы
(түпнұсқалық атауы)
Кенесары мен Омар
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Белгісіз
5. Қашан, қайда жазылған
(қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
339
8. Бет, жол саны, өлшемі
П. 1; Ж. 19. 21.5х20; 19.5х18
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін тор көзді дәптерге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Кенесарыны қуған топтың ішінде болған Байбақты руынан Омар деген қайтып келе жатқанда, түс көріп, түсін Сырым батырдың баласы Қазы биге жорытыпты. Қазының айтқаны келіп, балалы болып, атын Кенесары қояды.
13. Басы:
Байбақты руынан Омар дейтін кісі Кенесарыны қуған топтың ішіне болады.
14. Соңы:
Сол Кенесарыдан Жұрмағамбет, одан Сәрсен т.б. туыпты.