∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Кенесары туралы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Кенесары туралы
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Шүйен Бұйрабеков
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1951 жылы Қарағанды облысында жазылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
339
8. Бет, жол саны, өлшемі
П. 1; Ж. 19. 21.5х20; 19.5х18
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Шығарма оқушы дәптерінің сыртқы тысына көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Кенесары Орал губерниясының күншығыс шетіне келген кезде, Жайық өзенінің оң жағындағы бір уезде писарь Жұмырқожа дейтін қожа кісі Кенесарыны ұстау туралы губернатордың жарлығын таратып жүргенде, Кене шолғыншылары оны ұстап, ханға алып барады. Кенесары жігіттеріне ат мінгізіп, шапан кигізіп ұстаған жеріне апарып қоя беруге бұйырады.
13. Басы:
Кенесары сол кездегі Орал губернасының күншығыс шетіне келген сияқты(қазіргі Қаратөбе ауданының шеті).
14. Соңы:
Омар деген (Сырымның немересі) күшті адамның қасында қалып, Жайық өзенінің сол жақ бетінде қоныс теуіпті.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Насихат Мурсалимова