Абылай дүние салған соң, оның ұрпақтары хандық құруға әрекеттенеді. Қасым төренің ұлы Кенесарының қимылы ширақ болып, «Абылай» ұранын көтереді. Орта жүзді күшпен өзіне қаратып, Ұлы жүз Үйсіндерді де дегеніне көндіреді. Бұған місе тұтпай қырғыз елін де өзіне қаратпақшы болып, Бөгенбай қартты елшілікке жұмсайды. Қырғыз-қазақ екі жағы ақсарбас сойып, баталасады. Қуанышты хабарды Бөгенбай Кенесарыға алып келгенде, «Хан ордасы Алатау қойнауында болсын» дегеніне наразы болған Кенесары Бөгенбайға ауыр сөз айтады. Бөгенбай етегін сілкіп, орнынан тұрып Сарыарқаға бет алғанда, артынан қалың батырлар бірге кетеді де, Кенесары қолға түсіп, ақыры жазаланады.