∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Итеке батыр

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Итеке батыр
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Құлпейісов Еркін
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1122
8. Бет, жол саны, өлшемі
П. 2; Ж. 20. 21,5х20; 20х19
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Бір жолды оқушы дәптеріне көк сиялы қаламмен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Аңыз Итеке батырдың бір ерлігін суреттейді. Балқашты қыстаған жылы Итеке батырдың бір жақсы көретін айғырын жолбарыс жарып кетеді. Итеке қолына қамшыдан басқа қару алмай қырбық қарда жолбарыстың ізіне түсіп, үстінен түсіп, бір-бірінен көздерін алмай атысып тұрып қалады. Бір уақытта жолбарыстың көзі сола береді, сол кезде Итеке батыр қамшымен бастан салып қалғанда жолбарыс өліп қалады.
13. Басы:
Итеке батыр бала кезінің өзінде-ақ ат құлағына ойнап, құралайды көзге атқан мерген болыпты.
14. Соңы:
Бұл Итекең батырдың көп ерлігінің бірі екен.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Насихат Мурсалимова