Аңызда Исатай мен Жәңгірдің арасындағы жерге талас Қарауылқожа арқылы өрбиді. Жәңгір хан Исатайға жерді босатуын талап етіп, Қарауылқожаны қайта-қайта жібере берген соң, бір жолы Қарауылқожаны жігіттеріне сабатып шығарып салады. Ақыр аяғы патша комиссиясының тексеруіне ілігіп, екеуін екіге ажыратып жіберіп, ханның ойлағаны орындалмай қалғаны жайлы баяндалады.