∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Исатайдың тапқырлық сөздері

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Исатайдың тапқырлық сөздері
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Адамбаев Балтабай
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
406
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.1; Б.2; Ж.22. 20х16; 18х14
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Дәптерге қарындашпен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Исатайдың әкесі Тайман, Жабал екі ағайынды. Жабал Бөкей ханның заманында беріш руына старшина болған. Бөкей хан өлгесін, орнына Сығай жас бала Исатайды ұнатып Жабалдан өз рұқсаты бойынша он бес жастағы Исатайға старшиналықты алып берген екен. Астрахань губернаторының қолында аманатта жүрген Жәңгір әскери білім алып, орыс елінің әкімшілік салтына түсініп, жас жігіт әкесінің орнына отырып хан болмақ болып елге келген. Бірақ бес-алты жыл хан болып мансапқорланып алған Сығай Жәңгірге хандықты бермеу ниетіне кіріскен. Бір күні Жәңгір хан ордасындағы би, мырзаларын жинап алып, әр рудағы қызықты әңгімелерді айтуға ұсыныс жасапты. Ханнан рұқсат алып, беріш руының ақындары той бастаған екен.
13. Басы:
Исатайдың жас кезі екен
14. Соңы:
Артынан қарағанда желкесінің шұңқырында айдары бар екен, алдынан қарағанда Исатайдың көзі Шығайдың кеудесін тесіп шығып бара жатыр екен дейді.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Насихат Мурсалимова