∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Исатай сөздерінен

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Исатай сөздерінен
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Ермахан Нығыметов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
916
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.1; Б.1; Ж.27. 29х20; 18х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Ақ қағазға көк сиямен машинкаға басылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Аңызда Исатайдың білімділігі, ұтқыр ойлы жан екендігі, сонымен бірге хан Жәңгірдің орыс патшаларына еліктеп жердің шұрайлысын бай-манаптарға бөліп беріп, кедей шаруаларды құмдауытқа ығыстырып қысым көрсетіп жүргені, ханның осы әрекеттерін көріп тұрып шыдай алмаған Исатайдың тапқыр оймен ханға қарсы тұрып, сөзбен жыққаны, сондай-ақ ханнан әбден көңілі қалған Исатайдың артына қайырылмай ханнан ат кекілін үзісіп, арты шаруалар көтерілісіне ұласқаны жайлы баяндалады.
13. Басы:
Исатай Тайманұлы ХІХ ғасырдың отызыншы жылдары Еділ мен Жайық өзендері арасын мекендеген қазақ шаруаларының ханға қарсы күресін бастаған батыры болған.
14. Соңы:
Осы ыза-ашудың түбі шаруалар көтерілісіне ұштасыпты.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Насихат Мурсалимова