Аңызда Байұлы беріш руынан шыққан Исатай Тайманұлы Ағатай батыр нәсілінен Жәңгір ханға қарсылық себебі қайын атасы Қарауылқожаның елге көрсеткен жәбірінен туғаны, ақыр аяғы бітпес дау мен соғысқа ұласқаны, бұл соғыста Исатай жағынан көп кісі өліп, халықтың тарап кеткені, сөйтіп, қарулы патшаның әскеріне төтеп бере алмай жеңілгені жайлы баяндалады.