∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Исатай мен Жәңгір хан

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Исатай мен Жәңгір хан
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Талап Сәрсенғалиев
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
406, 5-дәптер
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.1; Б.2; Ж.22. 20х16; 18х14
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Дәптерге көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Аңызда Жәңгір ханның аңға бірге ере шыққан төрт биінің Исатайды ханға жамандауы, соны білген Истайдың табан астынан сөз тауып, төрт биді сан соқтырып, өзі өкпелеп, теріс айналып кетіп қалғаны жайлы қысқаша айтылады.
13. Басы:
Ханым Жәңгірге: «Он екі биді ұстап неғыласың, жалғыз Исатайды ұста! Күндердің күні болғанда бас қорғар болар», − депті.
14. Соңы:
Аспаннан Құдай түссе де, жерден Шынай (жағымсыз образ болса керек) шықса да, алды-артымнан өңшең қаратөбет халық дәулетіне тойып алып, ырсылдап үріп тұрғанда, бірге жүре алмаймын − деп сарт ұрып кейін бұрылып жөніне кетіпті.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Насихат Мурсалимова