∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Ибн Синаның ажалға араша түсуі

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Ибн Синаның ажалға араша түсуі
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Жақанова А. – 1990 жылы Қызылорда педагогикалық институтының студенті болған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1990 жылы фольклорлық практика кезінде Қызылорда педагогикалық институтының студенті А.Жақанова хатқа түсірген.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1062, 1-дәптер
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.1,5; П.2 Ж.34 28,7х20,3; 26х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін бір жолды журнал қағаздарына көк сиямен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Атақты Ибн Сина кез келген ауруды жазатын ерекше қасиетті адам болған екен. Бір күні данышпан жақын шәкіртін шақырып алып, кішкентай шақшаны береді де, өзі өлген соң денесін өртеп, күлін қалыпқа салып, үстіне шақшадағы сұйықтықты тамызуды өсиет етеді. Көп ұзамай Ибн Сина қайтыс болады да, шәкірті өлікті өртеп, сұйықтықты аздап қана тамызады. Сол уақытта «рис – құй» деген жазу шығады. Адамды тірілтетін сұйықтықтың бәрін тамызса, оның қайта тіріліп әлемге аты мәшһүр болатынын ойлап, ішін қызғаныш кернеген шәкірт қалған сұйықтықты тамызбай қояды.
13. Басы:
Ибн Сина өз кезінде данышпан балгер адам болған екен.
14. Соңы:
Сөйтіп дүниеде Ибн Сина ғана ажалға араша тұрыпты деген аңыз бар.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Насихат Мурсалимова