∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Жиреншенің ханның уәзірі болғаны

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Жиреншенің ханның уәзірі болғаны
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Салихов Хаба
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Ел арасынан естіп, ХХ ғасырдың отызыншы жылдары хатқа түсірткен – Салихов Хаба. Қорға 1957 жылы тапсырылған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
137
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.3; П.30; Ж.130. 21х17,5; 15х17
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Оқушы дәптеріне қарандашпен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Жиренше бір ханға уәзір болыпты. Хан Жиреншенің әйеліне қызығып, сөз салыпты. Аңызда Жиренше мен әйелі ақылдаса келіп ханды қалай алдау керектігі туралы айтылады.
13. Басы:
Жиренше бір ханға уәзір болыпты.
14. Соңы:
Осы үйде от болса, әйелдің астын шикілеп жей ме? – дегенде, хан есікке қарай атылыпты.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Насихат Мурсалимова