∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Жиреншенің қыз таңдауы

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Жиреншенің қыз таңдауы
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Хаба Салихов
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Ел арасынан естіп, ХХ ғасырдың отызыншы жылдары хатқа түсірткен – Салихов Хаба. Қорға 1957 жылы түскен.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
137
8. Бет, жол саны, өлшемі
Б.3; П.30; Ж.14. 21х17,5; 15х17
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Оқушы дәптеріне қара қарандашпен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Жиреншенің әйелі қайтыс болғаннан кейін, екінші рет үйленбекші боп бір шалдың үйіне барады. Барса үйдің алдында аузы үлкендеу бір қыз шығып тұр екен. Қыздың үстінде көйлегі қызыл, көйлектің үшкілі ақ мата екен. Жиренше қызды сынамақшы болып, бірнеше сұрақтар қояды. Қыздың берген жауабына сүйсініп, қызды өзіне жар етіп алады.
13. Басы:
Жиренше: «сол қыздың үйіне барып, әкесімен сөйлесіп кел» деп бір кісі жіберіпті.
14. Соңы:
Жиренше: «отынға кеткен ғой», – деді.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Насихат Мурсалимова