∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Жиренше шешен

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Жиренше шешен
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері жинаған.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
2002 жылы Шымкент қаласындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері фольклорлық практика кезінде жинаған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
920/55
8. Бет, жол саны, өлшемі
П.2; Б.2; Ж.18. 20х16,5; 18х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін қалың дәптерге жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Жиренше шешен бір адаммен жолға шығыпты. Біраз жүрген соң жол қысқартайық, ат ауыстырайық деген Жиреншені шал жақтырмай, тіл қатпапты. Одан түс кезінде бір адамның өлігін шығарып бара жатқанын көріпті. Жиренше шалдан ана кісінің өлі, тірісін сұрапты. Шал оған жекіріп ашуланыпты. Жол-жөнекей тағы да сұрақ сұрап, шал оны тентек санайды. Үйіне келгенде мән-жайды естіген қыз әкесіне бәрін түсіндіріп береді. «Жол қысқартайық дегені, әңгімемен жол қысқарсын дегені. Ат ауыстырайық дегені, атымызды қайта ерттеп мінейік дегені. Өлген адамды өлі ме, тірі ме дегені артында перзенттері бар ма, жоқ па дегені» деп қызы түсіндіргенде шал Жиреншеден кешірім сұрап, қызын беріпті.
13. Басы:
Ертеде Жиренше деген шешен өткен екен…
14. Соңы:
Мұны білген шал Жиреншеден кешірім сұрап, қызын әйелдікке беріпті дейді.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Насихат Мурсалимова