∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Жиренше мен әз Жәнібек

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Жиренше мен әз Жәнібек
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Талиға Бекхожина
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Аңызды 1965 жылы қараша, желтоқсан айларында Астрахан және Орынбор қалаларына барған іс-сапар кезінде Хайырлы Төрешұлының айтуынан Талиға Бекхожина жазып алған.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1010
8. Бет, жол саны, өлшемі
П. 1; Ж. 13. 30х19; 11,5х16
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін жазылған парақтары түптелген. Машинкада жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Әз Жәнібек хан 6 жасар Жиреншені осы бала өскенде түбі шешен болады деп айтады екен. Ханның қасындағылар ханның бұл сөзін ауырлап: «Қайдағыны айтады?» деп жүреді. Бір күні хан қасында адамдарымен келе жатып, Тұттай жалаңаш ойнап жүрген Жиреншеге, бас кимін алып көрсетеді. Жиренше болса, аузын ашып, тілін шығарады. Сонда мен не дедім, сен не дедің?» дегенде, Жиренше: «Сіз басқа пәле қалан? – дедіңіз, мен Басқа пәле тілден дедім» деп айтады. Бұл сөзі сіздер Жиреншені бұдан былай күндемеңдер деген ишараты екен.
13. Басы:
Әз Жәнібек хан айтады екен: «Осы Жиренше бала түбінде би, шешен болады деп» деп.
14. Соңы:
Рас-ақ, осылай дегеніміз, – депті. – Бұл Жиреншені күндемеңіз, – депті.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Насихат Мурсалимова