∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Жидебай батыр

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Жидебай батыр
3. Авторы (Айтушы)
Белгісіз
4. Жинаушы, тапсырушы:
Балтабай Адамбаев
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
Белгісіз
6. Мекеме (қор иесі)
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
1004
8. Бет, жол саны, өлшемі
П. 5; Ж. 28. 30х21; 24,5х15
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қолжазба тысталған, ернеулері желімденген. Машинкамен жазылған мәтіннің үстінен қолмен жазып, түзеткен жерлері көп.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл
11. Жанры
Тарихи аңыз
12. Қысқаша мазмұны
Арғынның Қаракесек руынан тарайтын Дос батыр жалғыз баласы Қожаназармен жау қолына түсіп кетеді. Қалмақтар: «Әкелі-балалы екен, тұқымын құртпайық, біреуін жіберейік» деп айтқанда, Дос батыр өзі қалмақта қалып, жалғыз баласын еліне жібереді. Қожаназар еліне аман келген соң үйленіп, онан Жидебай өмірге келеді. Бірақ Жидебай құрттай күнінде шешесі өліп жетім қалады. Әкесі тағы бір Апар деген әйелге үйленіп, онан алты бала сүйеді. Бірақ Жидебайды өгей шешесі құлындай жұмсап өсіреді. Жидебай жеті-сегіз жасқа келгенде бір күні атасы Дос батыр түсіне енеді. «Қаракерей Қабанбай батыр осы ауылда Алмұрт байдікіне қонып жатыр, сонан бата ал» деп аян етеді. Таңертең жалаңбас, жалаң аяқ, үсті алба-жұлба бала аттанып бара жатқан Қабанбайдың артынан қуып жетіп, сәлем беріп бата сұрайды. Қабанбай: «Бата-сата не керек, төрт алмажайым бар еді, біреуін саған бердім» деп аттанып кетеді. Ол Алмажйы – Қызыл түлкі екен. Жидебай батыр ержетіп, батыр боп, Абылай ханның мықты қолбасшыларының бірі болады. Жидебай жеті қараңғы түнде, не жауынды, боранды күндерде болсын біреудің бір нәрсесі жоғалып қалса, атпен шауып келіп найза тіреп тұрап қалады екен де: «Мына жерден қара» дейді екен. Жидебай жүз бес жасқа келіп дүниеден өткен екен.
13. Басы:
Орта жүз Арғын, бес Мейрамның біреуі Қаракесек болады.
14. Соңы:
Осы Мәшрүп өзі күң, көп ұлтқа мазар басы болып аты аталып қалған.
15. Қосымша мәлімет
16. Сандық көшірменің болуы
Бар
17. Сипаттаманы дайындаған:
Насихат Мурсалимова