Қожабаев Болман (1880–1972) – халық ақыны, халық ауыз әдебиеті үлгілерін жеткізуші. Ол қазіргі Қарағанды облысы Жезқазған ауданында дүниеге келген. Әкесі Қожабай өз ортасына белгілі ақын болған. Тоғыз жасынан домбыра тартып, он үш жасынан өлең шығара бастаған. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін ақынның шығармашылық жолына сара жол ашылып, халық арасында кеңінен таныла бастады. Болман Қожабаев халық ауыз әдебиетінің көптеген үлгілерін жетік білген, оларды насихаттап, кейінгі ұрпаққа жеткізді. 1943 жылы Алматы қаласында өткен республикалық ақындар айтысына қатысқан.