Түрікменнің батыры Мұңлыбек Арқаруымдағы қалмақтарға барып, оның 12 мың әскерімен соғысып, сол соғыста қаза табады. Әйелі Алтыншаш екіқабат қалып, ауырып өледі, баланы бір айдан кейін көрде босанады. Бала шешесінің қасында көрде жеті жыл өмір сүреді. Алтыншаштың ағасы Бозұғлан аңнан қайтып келе жатып, зираттың қасында ойнап жүрген баланы көріп, ұстап алады. Баланы алып келіп, атын Көрұғлы қояды. Көрұғлы қалмақтың батыры Сапабекпен және қырық жігітімен соғысып жеңіп, өзіне қаратыды. Көрұғлының кер биесі құлындап, атын Ғират деп қояды.