Көрұғлы 120-ға келгенде қызылбастың Безергеннің он екі мың әскерімен соғысқалы келе жатқанын естіп, Көрұғлы алдынан шығады. Өзін танытпай соғысады, артынан өзінің Көрұғлы екенін айтып, екеуі дос болады. Бірақ Көрұғлы Безергенге сенімсіздік білдіріп, тасада тұрып, Безергенді атып өлтіреді. Артынан бұл ісіне қапа болып жүреді. Бірде жаудың жолын тосуға Сапарбек атты жігітті жібереді. Ол Безергеннің он бір інісі бастаған он екі мың әскерімен соғысып, Безергеннің Қалдархан деген інісін, үш мың әскерімен қырып, өзі де оққа ұшып өледі. Көрұғлы түсінде Сапарбектің жоқ екенін сезіп, қырық жігітін, Ғауазхан мен Хасенхан бастаған жігіттер жаумен соғысып, оның он екі мың әскерін жеңіп, Сапарбектің сүйегін алып қайтады. і.