Көрұғлы қызылбас жерінен түрікмен еліне келгенде мешітке келіп, ел жақсыларымен кездесіп, өзінің кім екенін айтады. Әкесі Раушанбектің зиратының басына барып, жылап жатып алады. Көрұғлы Райхан патшаны өлтіріп, оның орнына Ғаждамбекті хан сайлайды. Жырда Көрұғлы қай соғысқа барса да жалғыз барады.