Жұмағазин Әміреш – 1930 жылдан бастап халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, қағазға түсіріп, Тіл және әдебиет институтының Қолжазба қорына өткізген жинаушылардың бірі. Ол 1941 жылы “Көрұғлы” жырын жазып алып, сол жылы институттың Қолжазба қорына тапсырған. Ә.Жұмағазиннің Ақтөбе қаласының тұрғыны болғаны ғана белгілі, басқа өмірбаяндық мәліметтер сақталмаған.