∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Орақ, Мамай

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Орақ, Мамай
3. Авторы (Айтушы)
Орынбасар Оңғарбайұлы — қазақтың фольклорлық мұрасы мен батырлар жырын жеткізуші, халық жырларының нұсқаларын сақтаушы, жыршы, жыр толғауларды айтушы. Оның айтуындағы жыр нұсқалары жүзтомдық «Бабалар сөзі» фольклорлық сериясына енген. Қарақалпақстандағы Шоманай қаласында тұрған.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Саттаров Қыдырәлі (1941–2011) – филология ғылымдарының докторы, профессор, көрнекті фольклортанушы, халық мұрасын жинаушы ғалым. Ол Қазақстанның оңтүстік өңірі мен Өзбекстан Республикасының Ташкент аймағында бірнеше фольклорлық-этнографиялық экспедицияларды ұйымдастырып, ғылыми жетекшілік етті. Экспедициялар барысында қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерін, эпостық жырлар, ертегілер мен балалар фольклорын жинап, жүйеледі. Ғалым жинаған 200-ден астам қолжазба топтамасын М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба қорына тапсырып, қазақ фольклорының ғылыми қорын толықтыруға зор үлес қосты. Сонымен қатар халық мұрасын жариялап, зерттеп, оны ғылыми айналымға енгізуге елеулі еңбек сіңірді. Ш.Қожабаева.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
“Амудария құйылысындағы қазақтардың ауыз әдебиетін жинау” экспедициясы. 1990 жыл.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
920/51
8. Бет, жол саны, өлшемі
37; 22; 20х30; 11х24
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Мәтін кеңсе қағазына қара сиямен кирилл әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Батырлар жыры
12. Қысқаша мазмұны
Бұл нұсқада Орақ өлгеннен кейінгі Мамайдың жеке жорығы, басқа да көптеген нұсқаларда кездесетін Орақ батырдың Қазан патшасымен шайқасын суреттейтін эпизод және Қарасай мен Қазидың әке аманатын орындайтын сюжеті баяндалады. Жыршы Орынбасар Оңғарбайұлы “Орақ – Мамай” эпосының бірнеше сюжетін жадында сақтай отырып, өзіндік стильмен көркемдей, жаңғырта жырлағаны аңғарылады. Орынбасар нұсқасының тілі қарапайым, оқиғасы қызықты болып келеді. Мәтінде араб, парсы сөздері жоқтың қасы.
13. Басы:
Орақ өлген соң, Мамай жалғыз қалған екен.
14. Соңы:
Ал енді сен тидің де, мен алдым, Өз бақытың өзіңе.
15. Қосымша мәлімет
1990 жылы 21 маусымда Қарақалпақстан АКСР-ы, Шоманай ауданы, Гагарин совхозының тұрғыны Оңғарбаев Орынбасар жыраудың айтуынан жазылып алынған.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш