Наурызбай үйсін саудагері Керімнен Үшбурыл бойындағы Тілеуқабақ байдың асыл тұқымды тұлпарлары туралы естіп, сол жылқыны алуға бел буады. Кенесары ханнан бата алып, төрт серігімен жолға шығады. Жолда әнші қыз Фатимамен сөз қағыстырып, өзі қарауылда қалып, жолдастарын жылқы айдап келуге жібереді. Фатима ағаларына хабар бергенімен, олар Наурызбайдан сескеніп қумайды. Фатиманың өзі қуып жетіп, жекпе-жекке шақырады. Ержан араласып, қақтығысты тоқтатып, жылқыны сауға ретінде алып кетуге рұқсат береді. Алайда келесі жылы қайта келетіндерін ескертеді. Келесі жылы Наурызбай қол бастап қайта аттанып, Тілеуқабақтың бес мың қолын жеңіп, жылқыны айдап, Фатиманы бірге алып қайтады. Жолда Фатима өзінің ауыр науқас екенін айтып, ордаға жеткен соң үш күн, үш түн жатып дүниеден өтеді.