∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞
Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы
Мырқы батыр
1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы
(түпнұсқалық атауы)
Мырқы батыр
3. Авторы (Айтушы)
Нұрлыбайұлы Әшім (1889-1964) – жыршы, суырыпсалма ақын, шежіреші адам болған. Қазіргі Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Елтай аулында дүниеге келген. Әшім “Мырқы батыр қиссасын” халықтық аңыздарға, тарихи деректерге сүйеніп жырлаған.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Сағымбайұлы Әтибек. Ол туралы мәлімет кездеспеді.
5. Қашан, қайда жазылған
(қорға түсуі, экспедициясы)
Көрсетілмеген.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
525
8. Бет, жол саны, өлшемі
30; 15; 16,4х22; 15,5х19
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Ақ қағазға көк сиямен кирилл әрпінде жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Кирилл әрпінде
11. Жанры
Тарихи жыр
12. Қысқаша мазмұны
Мырқы батыр ай мен күндей Қорлыға атты сұлуды айттырып, әйелдікке алады. Қорлыға Сүрен деген жігітпен көңілдес болады. Мырқы сапарда жүрген кезінде онымен кездеседі. Әйелі көзіне шөп салғанын көрген батыр Сүренді бірден өлтіреді. Қорлыға көңілдесінің мәйітін суға ағызып, Мырқының бауыры Төлені өлтіреді. Жыр Мырқының жауға аттанғанымен аяқталады.
13. Басы:
Дүниеге хор қызындай құшақ жайып, Басып тұр Самарқандты сол жақ шеттен.
14. Соңы:
Қамыс суы өзені бар маңайында, Мөлдір көз айтатұғын сұлу екен.