∞ Қазақ қолжазбалары ∞ ₸ ∞ Qazaq qoljazbalary ∞ ₸ ∞ قازاق قولجازبالارى ∞ ₸ ∞ Қазақ қолжазбалары ∞

Қазақ қолжазбаларының жеке сипаттамасы

Мырқы мен Шораның қиссасы /مىرقى مەن شورانىڭ قيسساسى   

1. Реестрдің идентификаторы
2. Қолжазбаның атауы (түпнұсқалық атауы)
Мырқы мен Шораның қиссасы /مىرقى مەن شورانىڭ قيسساسى   
3. Авторы (Айтушы)
Нұрлыбайұлы Әшім (1889-1964) – жыршы, суырыпсалма ақын, шежіреші адам болған. Қазіргі Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Елтай аулында дүниеге келген. Әшім “Мырқы батыр қиссасын” халықтық аңыздарға, тарихи деректерге сүйеніп жырлаған.
4. Жинаушы, тапсырушы:
Ниятбаев Кәдірбек – Алматы облысында дүниеге келген. Ол “Мырқы батыр мен Шора қиссасын” бір қарияның қолжазбасынан 1951 жылы жазып алған. Қарияның аты-жөні белгісіз, ол 1949 жылы Әшім Нұрлыбаевтың өзінен жазып алған көрінеді.
5. Қашан, қайда жазылған (қорға түсуі, экспедициясы)
1964 жылы институтқа тапсырған – Алшабеков Таңатар.
6. Мекеме (қор иесі)
М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты
7. Шифры
337
8. Бет, жол саны, өлшемі
112; 16; 17х20; 14,5х18
9. Материалы (қағазы, сиясы), жағдайы
Қолжазба араб әрпімен жазылған, сиясы әр түрлі: күлгін (1-15, 39-51-бб.), көк (16-34, 52-60-бб.) және қара көк түсті (13-14-б.) қарындашпен жазылған.
10. Қолжазба графикасы
Араб әрпінде
11. Жанры
Тарихи жыр
12. Қысқаша мазмұны
Бошан байдың баласы Мырқы батыр Қорлыға сұлумен отау құрады. Мырқының Биша атты қарындасы, Төле атты інісі болады. Мырқы үйде жоқ кезде Қорлыға бұрынғы көңілдесі Сүренмен кездесіп, көзіне шөп салып жүреді. Уақытынан бұрын үйіне оралып, үстерінен түскен Мырқы Сүренді өлтіреді. Мырқының ашулы кейіпте үйден шығып кеткенін пайдаланып, Қорлыға Сүренді суға ағызып, орнына Мырқының інісі Төлені өлтіріп, Сүреннің орнына жатқызып қояды. Осы уақытта елге жау шабады. Мырқы соғысқа аттанғанда, ауылын жау шауып, әйелі мен қарындасын тұтқындап кетеді. Мырқының әке-шешесі мен қарындасы көптеген зорлық-зомбылық көреді. Қорлыға еліне сатқындық жасап, қалмаққа күйеуге шығады. Жырдың соңында Мырқы батыр елі мен туыстарын жаудан құтқарады.
13. Басы:
ﺗﻪﺭﺑﻪﺗﻛﻪﻟﻰ٬ ﺍﻟﺩﻡ ﻻﻡ ﻗﻮ ﻟﺌﻣﺎ ﻗﺎ ﻮﺭﻧﻪﻛﺗﻪﺭﻯ. ﺑﻮﺭﺌﻧﻐﺌﻧﺌﯔ ﻮﺯﻯ ﺑﻮﻞ
14. Соңы:
٬ ﻳﻛﻰ ﺑﻩﺳﺗﺌﻥ ﻮﻥ ﻗﺎﺗﻥ ﺑﺎﻻ ﺗﺎﻮﺐ ﺳﺎﻣﺎﻕ. ﺑﺎﺗﺭ ﻮﻟﺩﻯ ﻮﻂﺯ ﺃﺗﻟﺩﻯ
15. Қосымша мәлімет
Өлең жолдары әр бетке екі қатардан орналасқан.
16. Сандық көшірменің болуы
17. Сипаттаманы дайындаған:
Жұмашай Рақыш