Өлең жолдары әр бетке екі қатардан орналасқан. Қолжазбаның кейбір беттерінде әр түрлі белгілер, кісі аттары бар. Көп жерлерінде мәтіннің шетіне (12, 30, 42, 46, 53-54, 57, 60, 70, 75, 78-79, 83, 89-90, 98, 100, 107, 109, 119, 124, 126, 128-129, 132, 135 б.б.) шығарма кейіпкерлерінің аты-жөні қарындашпен жазылып отырған.